Грекияда ереуілге байланысты саяхат пен қызмет көрсету тоқтады
АСТАНА. KAZINFORM — Грекиядағы жалпыұлттық ереуіл паромдарды портта қалдырып, астана бойынша қоғамдық көлік қозғалысын тоқтатты, деп хабарлайды Euronews.
24 сағаттық ереуіл кезінде Грекияның астанасы Афинада бірде-бір пойыз немесе такси жұмыс істемеді. Автобустар, метро, трамвайлар мен троллейбустар да қысқартылған кестемен жүрді.
Ереуіл сонымен қатар Грекия бойынша мектептерде, соттарда және мемлекеттік ауруханаларда қызмет көрсетуді тоқтатты.
Грекияда заңды жұмыс күні сегіз сағатты құрайды. Мемлекеттік қызметшілер мен жеке сектор қызметкерлерінің атынан шыққан кәсіподақтар еңбек заңындағы жаңа өзгеріске наразылық білдірді, бұл жұмыс күнін 13 сағатқа дейін ұзартуды, соның ішінде үстеме жұмысты қарастырады.
Жаңа ережеге сәйкес, жұмыс уақыты, оның ішінде үстеме жұмыс уақыты аптасына 48 сағат, жылына ең көбі 150 сағат болады.
Кәсіподақтар жаңа ережелер жұмыс берушілердің жұмысшылардың еңбегін теріс пайдалануына әкелетінін айтады.
«13 сағаттық жұмыс күніне көңіліміз толмайды. Шаршау - бұл даму емес, адамның шыдамының да шегі бар», - делінген жеке сектор кәсіподақтарының мәлімдемесінде.
Кәсіподақ 37,5 сағаттық жұмыс аптасына қайта оралуды және ұжымдық шарттарды қалпына келтіруді талап етті.
Еске сала кетейік, Грекия аралдарына келіп жатқан мигранттар саны күрт артты.