Алдымен бес көлік соқтығысқан. Артынша олардың саны 50-ден асты. Кем дегенде үш адам көліктерінен шыға алмай қалған, бәрі де жарақаттанған. Оларды босату үшін оқиға болған жерге өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жіберілді.
Қазіргі уақытта тасжолдың Верия қаласынан Козаниге дейінгі бөлігі жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылды.