Грекияда Лондон Олимпиадасының алауы жанды
17:11, 10 Мамыр 2012
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Грекияда тамыз айында Лондон қаласында өтетін XXX жазғы Олимпиада ойындарының алауы жанды, деп хабарлайды Би-Би-Си.
Бұл рәсім Көне Олимпиядағы ғибадатхананың орнында өтті. Алау айналардың көмегімен күн нұрынан жағылды.
Ойындарды 1948 жылы қабылдаған Лондон алау екі рет болған бірінші қалаға айналады. Ол Ұлыбритания астанасына 27 шілде күні жетеді.