Грекияда мерзімінен бұрын өтетін парламенттік сайлаудың күні белгіленді

None
БРЮССЕЛЬ. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Грекияда мерзімінен бұрын өтетін парламенттік сайлау 2012 жылдың 6 мамырына белгіленді.

Бұл туралы елдің премьер-министрі Лукас Пападимостың сөзіне сілтеме жасай отырып, еуропалық БАҚ хабарлады.

 Сайлаушылар дауыс беру кезінде алғаш рет бюджет қаражатының өте қатаң түрде үнемдеу бағдарламасына өздерінің көзқарастарын білдіре алады.

 Грекия конституциясы 2013 жылдың күз мезгіліне дейін сайлауды қажет етпейді, дегенмен солшылдар мен оңшылдар партиялары коалициясына қатысушылар сайлауды мерзімінен бұрын өткізуге келісті. Екі партия да келесі парламентте дауыстың көп пайызын алуға үміттенеді. Алайда қоғамдық сұраулардың қорытындысы көрсеткендей, екі жетекші партия үшін берілген дауыстың өзі коалиция құруға жетпейді.