Грекияда мигранттар мінген қайық суға батып, 17 адам мерт болды
21:10, 14 Маусым 2023
АФИНА. ҚазАқпарат – Италияға бара жатқан кеме Ливияның шығысындағы Тобрук ауданынан шыққан. Бұл туралы ҚазАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Грекияның оңтүстік жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып, 17 адам қаза тапты. Өңірде ауқымды іздеу-құтқару жұмысы басталды. Билік өкілдерінің хабарлауынша, Пелопоннес ауданынан оңтүстік-батысқа қарай 75 шақырым жерде 104 адам құтқарылды.
Италияға бара жатқан кеме Ливияның шығысындағы Тобрук ауданынан шыққан. Италияның жағалау күзеті Грекия билігі мен Frontex-ке жақындап келе жатқан кеме туралы кеше, сейсенбі күні хабарлап, ескерткен болатын.