Грекияда парламенттік сайлау басталды

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Грецияда мерзімінен ерте парлементтік сайлау басталды,

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Дауыс беру құқы мемлекеттің 9 млн. 850 мың азаматына ұсынылып отыр. Оларға   32 пария мен партиялық блогтардар және топтардан кандидаттарды бір палаталы парламентке төрт жылдық мерзімге 300 мүшесін таңдап алу мүмкіндігі берілді.

Сайлау учаскелері жергіліктік уақыт бойынша 19:00-ге дейін ашық болады. Содай кейін экзит-полл нәтижелері бойынша алдын ала мәліметтер жарияланбақ.

Шамамен жергілікті уақыт бойынша 21:30 кезінде сайлаудың алғашқы нәтижелері белгілі болмақ, ал қорытынды мәліметтер дүйсенбіде,  таңертең жарияланады деп күтілуде.