Өрт сөндіру қызметінің ресми өкілі Василиос Ватракояннистің мәлімдеуінше, жарақат алған адамдардың 53-і ауруханаға жатқызылған.
Құтқарушылар Темби муниципалитетінде түн ортасында жүк пойызымен соқтығысқан жолаушылар пойызының қирандыларының астынан аман қалған адамдарды іздеп жатыр, деп хабарлады АМНА агенттігі.
Оқиғаның жай-жапсары тергеліп жатыр.
«Бірнеше вагон рельстен шығып кетіп, төртеуі өртенген. «1 және 2-вагон жоқ. Соқтығыс қатты болғандықтан олар жолдан ұшып кеткен», - деп хабарлады Фессалия провинциясының губернаторы Костас Агорастос ERT мемлекеттік телеарнасына.
Грекияның Қызыл ай қоғамы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Лариса қаласындағы апат орнына жақын маңдағы орталық алаңда қан тапсыруға шақырды.