Грекияда сайлауда «Сириза» солшыл радикалдық топ жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекиядағы сайлауда 36 пайыздан артық дауыс жинаған «Сириза» солшыл радикалдық партиясы жеңіске жетті. Жаңа парламентте олар 150 орынды иеленбек. Бұл - тең жартысы, деп хабарлайды Би би си.

Олардан кейін 23-27 пайызбен «Жаңа демократия» оңшыл центристік партия келеді. Үшінші орында «Река» партиясы, олардың үлесі - 6,4 пайыз.

«Сиризаға» дербес басқару үшін 300 орынның 151-ін алу қажет. Бұған жетпеген жағдайда партияға коалиция құруға тура келеді. Грекияның Премьер-министрі Антонис Самарас «Сириза» партиясының көшбасшысы Алексис Ципрасты сайлаудағы жеңісімен құттықтады.