Грекияда төтенше жағдай: Курортты арал отқа оранды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекияда төтенше жағдай жарияланды. Хиос курортты аралында ірі табиғи өрт тұтанды.

Бірнеше елді мекенге қауіп төнуде.  Тілсіз жау кей ауылдарға жетіп те үлгерді. Ол жерден тұрғындар эвакуациялануда, деп хабарлайды tvzvezda.ru.

Жалын адамдардың негізгі табыс көзі - зәйтүн бақтары мен бағалы тоғайларды жоюда.  Кей жерлер түгі қалмай жанып кетті. Күшті жел өрттің жылдам таралуына ықпал етуде.

Аралға өрт авациясы келді. Тілсіз жаумен жүздеген адамдар - құтқарушылар, әскерилер, еріктілер арпалысуда.