Грекиядағы халықаралық турнирде суға жүзуден Қазақстан құрамасы 8 медаль алды
17:20, 05 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Грекия астанасы Афины қаласында өткен суға жүзуден халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 8 медаль жеңіп алды.
Ел құрамасы қоржынына барлығы 3 алтын, 3 күміс, 2 қола түсті.
Жеңіс тұғырына Әділбек Мусин (100 метр, баттерфляй), Ксения Игнатова (100 және 200 метр арқамен жүзу) көтірілді.
Сондай-ақ Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден екінші орын алды. Тағы екі күміс медальді Айбат Мырзамұратов (100 метр, брасс), Аделаида Пчелинцева (50 метр, брасс) қоржынға салды.
Ал Максим Сказобцов (100 метр, баттерфляй) пен Айбат Мырзамұратов (50 метр, брасс) үздік үштікті түйіндеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан хоккей құрамасы анықталды.