Қызыл жалыннан жан сақтау үшін 4 мыңға жуық адам жан-жаққа қашып шыққан. Әзірге жапа шеккендер туралы ешқандай дерек жоқ.
Жергілікті тәртіп сақшыларының айтуынша, өрт әдейі қойылған болуы мүмкін. Себебі тілсіз жау тұтанардан бұрын жергілікті тұрғындар босқындарға қарсы наразылық шеруге шығып, биліктен оларды көшіруді талап еткен.
Қазір қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді.