Еуропалық комиссияның мәліметінше, барлығы 220 өрт сөндіруші мен 65 техника тартылды. Бұдан бөлек, Грекияда Румыния, Болгария және Мальтадан келген өрт сөндіру командалары ЕО азаматтық қорғаныс жоспары аясында жұмыс істеп жатыр.
«Біз Оңтүстік Еуропада аптап ыстықпен бетпе-бет келіп отырмыз. Ол Грекияға қатты әсер етті: аз уақыт ішінде мыңдаған гектар жер өртенді. Бұл жағдайда ЕО-ның жедел әрекеті қажет және мен аталған бес елге Грекиямен ынтымақтастығы үшін алғыс айтамын», - деді ЕО кризистік басқару комиссары Янез Ленарчич. Еурокомиссия өзінің төтенше жағдайларды жою жөніндегі үйлестіру орталығы арқылы грек билігімен тығыз байланыста және қажет болған жағдайда қосымша көмек жұмылдыруға дайын.