Грекиядан келген бақылаушы Қазақстандағы президенттік сайлаудың ашық түрде өтіп жатқанын атап өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Халықаралық бақылаушы, Грекия Республикасы парламентінің бұрынғы төрағасы Вирон Полидарос Қазақстандағы президенттік сайлаудың толықтай ашық түрде өтіп жатқанын атап өтті.

Бұл туралы бүгін Алматыдағы арнайы баспасөз конференциясында хабарлады.

«Сайлауалды науқан аясында кең тәжірибем болғандықтан, демократиялық сайлау үшін аса маңызды бірнеше өлшемдерді атап өткім келеді. Бірінші, президенттік сайлауға бірнеше адам, яғни үш кандидат қатысып отыр. Екіншісі, сайлаудың транспарентті немесе толықтай ашық сипатта өтуі. Үшінші фактор - жан-жақты хабардар болу, Қазақстан халқын түгелдей қамту. Мен төрт сайлау учаскесіне бардым. Барлық жерде де осы айтқан төрт өлшем толықтай сақталуда», - деді шетел бақылаушысы.

Тұтастай, В. Полидарос Алматыдағы кеңпейілділік пен қарапайым көріністі атап өтті. Қалалықтардың көңіл-күйі тамаша. «Ел болашағы үшін маңызды қадамды кім болса да жақсы сезінгені байқалып тұр», - деп атап өтті ол.