Өрт Лерос және Эвбея аралдарында, сондай-ақ Кардица округінде әлі де өршіп тұр.
Грек БАҚ-тарының мәліметінше, Эгей теңізіндегі Лерос аралында өрт қалдықтарды жинау полигоны аумағында басталған. Жалын бұталы алқаптарға тез таралғандықтан, оны сөндіруге өрт сөндірушілер мен авиация тартылды.
Құтқарушылар тобын күшейту үшін Лерос аралына қосымша Кос және Самос аралдарынан күштер жіберілді.
Сондай-ақ Эвбея аралындағы Политика ауданында тағы бір орман өрті тіркелді. Ал Кардица округінің Софадес ауданында жалын ауыл шаруашылығы алқаптарын шарпыды.
Қазіргі уақытта барлық өңірде өртті сөндіру жұмыстары жерүсті техникасы мен авиацияның көмегімен жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Түркияда орман өрті өршіп тұр. Мугла провинциясының Милас ауданында басталған орман өрті бақылауға алынды. Өрт жерден де, әуеден де сөндіріліп жатыр.