АСТАНА. KAZINFORM — Грекияның Хиос аралындағы Вики ауданында орман алқабынан өрт шықты. Жалынды ауыздықтауға жердегі өрт сөндіру бөлімшелерімен қатар екі өрт сөндіру ұшағы мен үш тікұшақ жұмылдырылды. Бұл туралы Kazinform Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Грекияның Азаматтық қорғау жөніндегі бас хатшылығы өрт болған аймақтағы тұрғындардың ұялы телефондарына шұғыл хабарлама жіберіп, билік өкілдерінің нұсқауларын орындауға үндеді.
Сонымен қатар Эвбея аралындағы Като-Монокарья елді мекені маңындағы табиғи аумақта шыққан өртті сөндіру жұмыстары жерден және әуеден жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Грекиядағы орман өрттерінен 12 мың гектар жер өртеніп, үш өрт сөндіруші қаза тапқанын хабарлағанбыз.
Сонымен қатар Грекияда орман өртін сөндіру кезінде екі тікұшақ әуеде соқтығысқанын жазған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Еңбек жолын Baribar.kz порталында бастаған. Түрлі басылымда қызмет еткен. 2025 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы қызметін атқарады.