Эгей теңізінде жүк кемесі суға батып кетті, деп хабарлайды Kazinform Trend-ке сілтеме жасап.
Trend агенттігінің мәліметінше, оқиға Грекияның Лесбос аралының жағалауында орын алған. Бортта 14 экипаж мүшесі болғаны анықталды.
Дауыл салдарынан суға батқан кеменің Мысырдан Ыстамбұлға қарай бет алғаны атап өтілді.
Грекияның жағалау күзеті жоғалған 14 теңізшіні табу үшін іздеу-құтқару операциясын жүргізуде.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.