Грекияның жағалау күзеті 112 заңсыз мигрантты қолға түсірді

Фото: Фото: freepik

АСТАНА. KAZINFORM - Грекияның жағалау күзеті Эгей теңізіндегі Крит және Гавдос аралдарына аялдаған 112 заңсыз мигрантты қолға түсірді. Олардың ішінде адам тасымалдаумен айналысқан 3 күдікті де бар, деп хабарлайды ТАСС.

Афина-Македон ақпарат агенттігі ANA-MPA-ның хабарлауынша, Криттегі Калон-Лименон портының әкімшілігі Гортина муниципалитетіндегі Трахулас жағажайында әдеттегіден тым көп шетелдіктердің жүргені туралы хабар алған. 

Оқиға орнына келген Жағалау күзетінің тәртіп сақшылары 44 мигрантты (42 ересек адам, 2 бала) және қозғалтқышына зақым келген ағаш қайықты анықтады. Ұсталған адамдарды полция аралдың әкімшілік орталығы - Ираклион қаласының портына жеткізген. 

Мигранттар 2 қазан күні Тобрук қаласынан шыққанын, өздерін тасымалдау үшін әр адам 9 мың еуродан ақы төлегенін айтқан. Полиция топ адамның ішінен заңсыз мигранттарды тасымалдаумен айналысқан 31, 19 және 24 жастағы үш адамды анықтады.

Одан бөлек, Гавдостан 25 теңіз милі қашықтығында португал туы ілінген BARBRO кемесінен тағы 42 ересек адам құтқарылған. Олар да аралға жеткізілген. Сондай-ақ, Гавдостағы Лукаду жағажайынан 26 шетелдік табылған. Барлық 68 адам Ханья қаласының портына жеткізілді. 

Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. 

Ақпаратты Kazinform-ға әріптес ТАСС агенттігі арнайы ұсынды.