Грекияны бұрын-соңды болмаған аяз буып тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекияның солтүстік астанасы Салоникидегі аяз рекордтық көрсеткішке жетті - қатарынан төрт күн бойы суық буып тұр, деп мәлімдеді Аристотель университетінің метеорология және климотология зертханасының директоры, профессор Теодорос Каракостас.


«Соңғы рет ауа температурасының төмен көрсеткіші тәулік бойы сақталған мерзімі 1963 жылдың қаңтар айында тіркелген. Аяз үш күн - 1963 жылдың 23, 24 және 25 қаңтарында болған. Қазір бізде төрт күн бойы аяз буып тұр, бесінші күнге созылуы мүмкін деген де болжам бар. Сол себепті бұл рекордтық көрсеткіш», - деді ғалым "Практорио FM 104,9" Афины жаңалықтар агенттігінің радиостансасына берген сұхбатында.

 

Каракостас сондай-ақ, Салоникидегі ең төмен температура 1968 жылдың 14 қаңтар күні - 12,6 градус Цельсийге жеткендігін мәлімдеді.

Соңғы күндері қалада 8 градус аяз. Жұмада "Ариадна" антициклоны Сібірден Грекияға аяздар мен қалың қарды алып келген. Кейбір өңірлерде төтенше жағдайлар орын алды.