Елдегі жолдарда көктайғақ болып, қар басып қалған. Кей аудандарда қауіпсіздік үшін ауыр жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды. Жүргізушілер көлік кабинасында қонуға мәжбүр болды. Болгариямен шекара жақта ондаған жүк көлігі тізіліп тұрып қалды.
Муниципалды қызметтер көшелерді тазалап үлгермей жатыр. Билік адамдарға аса қажеттілік болмаса үйден шықпауға кеңес берді.
Қазіргі уақытта суық фронт оңтүстікке, яғни кипрге қарай жылжып барады. Алайда, елде мұндай суық күн райы әлі де бір аптадай сақталмақ.