Аталған шараға 33 мемлекет қатысты. Ұлттық нышандармен әспеттелген қазақ дастарханы фестиваль қонақтары мен келушілердің зор қызығушылығын тудырды. Дастархан басына қолдан жасалған бауырсақ, ірімшік, самса, чак-чак және басқа да отандық тәтті өнімдер қойылды.
Қазақстандық стендке бет бұрған көп қонақтар қатарында Грек Республикасының бірінші ханымы Влассия Павлопулос-Пелтсеми де болды. Ол қазақ ұлттық тағамдарына жоғары баға берді.
Сонымен қатар халықаралық фестиваль аясында әлем халықтарының өнерін көрсететін шара ұйымдастырылды. Қазақстан атынан елшілік дипломаты Абзал Иманқұлов қазақтың ұлттық домбырасымен өнер көрсетті.
Шарадан түскен қаражат қайырымдылық қорға жұмсалды.