Константинос Стефанопулос 1926 жылы дүниеге келген. 1974-1981 жылдары үкіметте түрлі министрліктерді басқарды. 1995 жылы наурыз айында Грекия президенті болып сайланды. Өмірінің соңына дейін ол елдегі ең құрметті және танымал мемлекет басшыларының бірі болды.
10:51, 21 Қараша 2016
Грекияның бұрынғы президенті қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекияның бұрынғы президенті Константинос Стефанопулос 90 жаста Афина ауруханаларының бірінде көз жұмды. Оның өкпесі қабынған. Бұл туралы Франс Пресске сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.