деп хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.
Теңіз жағалауындағы жағажайлардың бірінде демалып жатқан бір топ адам орман өрті мен теңіз толқынының қыспағында қалды. Жағалау күзеті мен өрт сөндірушілердің бірлескен күш-жігерінің арқасында олар қауіпті аймақтан құтылды. 20-ға тарта адам, негізінен әйелдер мен балалар құтқарушылар катерлерімен қауіпсіз жерге жеткізілді, қалғандарына өрт сөндірушілер қауіпсіз «дәліз» ұйымдастырды, соның арқасында олар өз автомобильдерімен басқа да көліктермен аралдың өрт шалмаған бөлігіне жетті.
Өткен аптада елде орман өртенуінің 320 оқиғасы болды. Грекияда өрттің шығуына аптап ыстық және адамдардың отты сөндірмей кетуі себеп болуда.