Грекияның жағалау күзеті суға батып кеткен кемеде болған 26 босқынды іздестіруде
16:25, 20 Қыркүйек 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекия жағалау қызметі Лесбос аралынан шығысқа қарай кеменің суға батып кетуі салдарынан теңізде жоғалған 26 босқынды іздестіруде.
Жағалау күзеті өкілдерінің айтуынша, теңіздегі адамдарды жексенбі таңертең Еуропалық одақтың Сыртқы шекара қауіпсіздігі жөніндегі агенттігіне ("Фронтекс") тиесілі тікұшағы байқаған, деп мәлімдеді Ассошиэйтед пресс.
Екі кеме оқиға орнына барып, 20 адамды құтқарған. Босқындардың айтуынша, бортта 46 адам болған.
Жүздеген мың босқындар (негізінен Сирия мен Ауғанстаннан) осы жылы көрші Түркия жағалауынан Грекияға келген.
Қыркүйектің басында Грекия көші-қон істері министрі Янис Музалас Таяу Шығыс пен Африка елдерінен аралға келген босқындар санының көптігінде байланысты Лесбос апаттың аз-ақ алдында тұрғанын хабарлады.