Гренландия АҚШ-қа сатылмайтын болғандықтан Трамп Данияға сапарынан бас тартты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Дональд Трамп Дания Премьер-Министрі Гренландияның АҚШ-қа сатылмайтынын мәлімдегеннен кейін, Копенгагенге жоспарланған сапарынан бас тартты. Бұл туралы «Қазақпарат» BBC News агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

BBC мәліметібойынша, Дональд Трамптың Копенгагенге сапары Дания ханшайымы ІІ Маргретеніңшақыруымен 2 қыркүйекте өтуі тиіс еді.

Өткен аптадаАҚШ басшысы АҚШ Данияның автономды аумағы саналатын Гренландияны сатып алуғамүдделі екенін мәлімдеген болатын. Данияның Премьер-Министрі Метте Фредериксенбұл ұсынысты «абсурд» деп атап, Дональд Трамп жай ғана әзілдеген шығар депүмітенетінін айтқан.

Ал ДональдТрамп сейсенбі күні Twitter-де өз сапарының күшін жоятынын жазды.

«Дания -керемет адамдары бар өте ерекше ел. Бірақ Премьер-министр Метте ФредериксенГренландияны сату мәселесін талқылауға мүдделі еместігін ескере отырып, екіаптадан кейін жалғасатын кездесуімізді кейінге шегермін...»

Ақ Үй өкілі АҚШПрезидентінің сапары тоқтатылғанын растаған.

Трамп АҚШтарапының Гренландияны сатып алуға мүдделі екенін бұған дейін растаған.

«АҚШ аумағыныңбір бөлігін Гренландия аралына ауыстыру туралы мәселесі қарастыра ма» дегенсауалға ол: «Бұл тұрғыда көп дүние жасауға болады. Шын мәнінде, жылжымайтынмүлікке қатысты өте ірі мәміле», - деп жауап берген болатын.

Бұл ұсыныстыГренландия мен Данияның ресми өкілдері қабылдамады.

«Гренландиясатылмайды, бірақ Гренландия басқа елдермен, соның ішінде АҚШ-пен сауда жәнеынтымақ орнату үшін ашық»,-деді Гренландия Премьер-Министрі Ким Кильсен.

Ал Данияныңбұрынғы Премьер-Министрі Ларс Лекке Расмуссен Twitter-де «бұл бірінші сәуірәзіл болуы керек»,- деп жазды.

Гренландия –әлемдегі ең үлкен арал. Бұл – Данияның Солтүстік Атлант және Солтүстік Мұздымұхит арасында орналасқан автономды аймағы. Халқының саны - 56 000 адам.

АҚШ ПрезидентіГренландияға көмір, мырыш, мыс және темір кені сияқты табиғи ресурстары үшінқызығып отыр деген болжам бар. Гренландия пайдалы қазбаларға бай болғанымен,қазір Дания бюджетіне түсетін табыстың үштен екі бөлігін иемденіп отыр. Аралдасуицид, маскүнемдік және жұмыссыздық деңгейі жоғары.

АҚШ аралдыежелден стратегиялық маңызды аумақ деп санайды. «Қырғи-қабақ соғыс» қарсаңындаәскери әуе күштерінің базасын құрған. Республикашыл Майк Гэллахер Трамптың аралдысатып алу идеясын «ақылды геосаяси қадам» деп бағалады.

«Құрама ШтаттардыңГренландияда стратегиялық қызығушылығы бар және бұл ұсыныс қаралуы тиіс», - депжазды ол Twitter-де.

Гренландиянысатып алу идеясы ең алғаш рет 1860-шыжылдары Президент Эндрю Джонсонның кезінде талқыланды. 1867 жылы АҚШМемлекеттік департаментінің баяндамасында Гренландияның стратегиялық аумақтаорналасуы және ресурстарға бай болуы онысатып алу шарасын мінсіз етеді деп көрсетілді. 1946 жылы АҚШ-тың 33-шіпрезиденті Гарри Трумэн Данияға осы аумақ үшін 100 миллион доллар ұсынғанболатын.

Соңғы жаңалықтар