АСТАНА.ҚазАқпарат – Швецияның Мальме қаласының соты белгілі экологиялық белсенді Грета Тунбергке 20 маусым күнгі қала портындағы наразылықтар кезінде полицияға бағынудан бас тартқаны үшін айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.
Сол күні Грета мен оның жақтастары порттағы мұнай тиелген жүк көліктерінің жолын жауып тастады. Шведтік экологиялық белсенділер осылайша қазбалы отынды пайдалануға наразылықтарын білдірді.
Тунберг кінәсін мойындамады, бірақ сот басқаша шешім қабылдады. Белсендіге 2500 швед кроны (шамамен 240 доллар) көлемінде айыппұл салынды.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.