Григорий Ломакин өзбекстандық теннисші Сергей Фоминмен бірге алғашқы айналымда тағы бір қазақстандық Бейбіт Жұқаев — ресейлік Семен Панкинге тап келді.
Қазақстандық-өзбекстандық жұп небәрі 57 минутта 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке барысында Ломакин — Фомин 7 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын құр жіберген жоқ. Жұқаев — Панкин 1 эйспен шектелді.
Григорий Ломакин — Сергей Фоминнің ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Григорий Ломакин мен Бейбіт Жұқаевтың жекелей сындағы жолы сәтті бола қойған жоқ. Ломакин іріктеу сайысының финалында ресейлік Алибек Качмазовқа 1:6, 1:6 есебімен есе жіберді.
Бейбіт негізгі жарыстың алғашқы айналымында ресейлік Ярослав Деминге жол берді — 4:6, 4:6.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 210-ракеткасы Тимофей Скатов бүгін Шанхай (Қытай) АТР 1000 турнирі іріктеу сайысының финалында жеңіліс тапты. Ол әлемнің 185-ракеткасы, аустралиялық Бернард Томичтен өте алмады — 5:7, 4:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Бейжің турнирінің келесі айналымына өткенін жазған едік.