Іріктеу сайысының 11-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алдымен рейтингіде 1 558-орындағы аустралиялық Арджун Мехротраны камбэкпен жеңді — 6:7 (4:7), 6:3, 6:1.
Іріктеудің финалында Г.Ломакин бүгін рейтингіде 958-сатыдағы жапониялық Риотаро Тагучимен кездесті.
Бірінші партияда жапониялық теннисші 7:5 есебімен басым түскенімен, Григорий бұл жолы да камбэк жасай білді — 6:1, 7:6 (7:2).
Екі сағат 22 минутқа созылған тартысты бәсекеде Ломакин 14 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Тагучи 10 эйс, 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.
Осылайша, Григорий Ломакин негізгі жарысқа жолдама алды.
Бүгін жаңартылған ATP рейтингісінде қазақстандық теннисші 945-тен 933-ке көтерілді.
Өткен аптада Г.Ломакин Бангалордағы осындай додада жұптық сында финалға дейін жеткен еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның әлемдік рейтингіде ТОП-ке қайта кіргенін жазған едік.
Сондай-ақ Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады.