ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Шейко аталған қашықтықты 1 сағат 20 минут 21 секундта жүріп өтті. Біздің спортшы жапондық Тошиказа Яманишиге ғана есе жіберді. Жарыс жеңімпазының уақыт көрсеткіші - 1:17:15. Үшінші орында кореялық спортшы Чо.
Осылайша, Георгий Шейко 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін нормативті орындады. Жолдамаға ілігу үшін 20 шақырымды 1:21:00 уақыт көрсеткішінде жүріп өтуі тиіс.