Грозныйда Ахмад Қадыровтың ескерткіші алынып тасталды

АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні түнде Грозныйда шешенстанның тұңғыш президенті Ахмад Қадыровтың ескерткіші алынып тасталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап.

Ескерткішті алу салтанатына аймақтың қазіргі президенті Рамзан Қадыров республиканың Әлімдер кеңесінің төрағасы, бір мезгілде Қадыровтар әулетінің басшысы болып табылатын Қожа-Ахмад Қадыров, сондай-ақ республикалық парламенттің спикері Дұхбах Әбдірахманов қатысты.

Президенттің және Қадыровтар әулеті басшысының айтуынша, ескерткішті бұзу туралы шешім марқұм Қадыров-үлкенінің өз қалауына сәйкес қабылданған. Сонымен қатар, Қожа-Ахмад Қадыров мүсіннің авторы Зураб Церетелиден кешірім сұрап, президент Рамзан Қадыровтың және Қадыровтар отбасының шешімін дұрыс түсінуге шақырды.

Ескерткіштің орнында мемориалды кешен тұрғызылатын болады. Ол лаңкестер мен ваххабиттерге қарсы күресте, шешен халқын құтқаруда өз өмірлерін құрбан еткен және Ресейді күйретуге бағытталған халықаралық лаңкестік жоспарына бөгет болған әкесінің мыңдаған жақтастарына арналатынын мәлімдеді Р. Қадыров.