Шешен Республикасы бойынша Ішкі істер министрі Руслан Алхановтың ИТАР-ТАСС агенттігіне хабарлауынша, бүгін түнде Грозныйдың Ленин ауданында жүргізілген арнайы операцияның барысында тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен заңсыз әскери құрылымның мүшесі Курейш Дулдуевтің көзі жойылды.
Грозныйдың Ленин ауданындағы Тухачевский көшесінде орын алған арнайы операцияны республикалық ОМОН мен Шешен Республикасы бойынша Ішкі істер министрлігінің №1 полкы жүзеге асырды.