Грозныйда Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) туған күнін тойлап жатыр

None
АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Мұсылман әлемі Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) туған күнін атап өтіп жатыр.

Мuslim.kz сайтының жазуынша, Ресейде мұндай айтулы шара Грозный қаласында да шымылдығын ашты. Шешенстанның астанасына мерекелік отшашуды көру үшін мыңдаған адам жиналды.

Мәуліт - мұсылмандардың Құрбан айт пен Ораза айттан кейін тойлайтын үшінші айтулы мейрамы. Мұсылмандар дәстүр бойынша Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.с.) өнегелі өмірін еске түсіреді. Жуырда Грозныйға мұсылмандар қадыр тұтатын жәдігерлер әкелінді. Пайғамбарымыздың иісі сіңген (с.а.с.) көйлегінің бір пұшпағы мен мүбәрак шашын, сондай-ақ, оның қызы Фатиманың бұйымдарын арнайы рейспен Араб Әмірліктерінен алдырды.