Грозныйда Ресейдегі ең биік ғимараттың құрылысы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шешенстан астанасы - Грозныйда «Ахмет Тауэр» зәулім ғимаратының құрылысы басталды, деп хабарлады Утро.ру.

400 метрлік «Ахмат-Тауэр» зәулім ғимараты 108 қабатты және ежелгі шешен күзет мұнарасы түрінде салынбақ. Зәулім ғимаратта кеңселер, 500 нөмірлік қонақүй, жүзге тарта «люкс» класты тұрғын апартаменттер, бірнеше фитнес-орталықтар мен бассейндер, сондай-ақ Ахмет қажы Қадыровтың мұражайы болмақ. Жоба бойынша қарайтын және тікұшақ қонатын алаңдар қарастырылған.
Құрылыстың құны шамамен 120-500 миллион долларға бағаланады.