Грозныйдың тұрғындарын бейнекамера бақылайтын болады

МӘСКЕУ. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы тамыздың 10-ына дейін Грозныйдың барлық коммерциялық және әкімшілік нысандарында бейнебақылау камералары орнатылатын болады. Бұл жөнінде Грозный қаласы әкімшілігінің басшысы Муслим Хучиев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Полит.ру сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, камераларды орнату Грозныйдың көшелеріндегі қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтауды арттыруға жәрдемдесуі тиіс.