Грузин саяхатшысы велосипедпен Владивостоктан Өскеменге 8 айда жетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Грузин саяхатшысы Нодар Беридзе Владивостоктан велосипедпен жолға 2016 жылғы 17 қазанда шыққан. Сегіз айда Өскеменге жетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыс орталығында ол БАҚ өкілдерімен кездесті, өз маршруты жайында айтып берді. «Мен үшін «Әлем  жолы» велосипедпен сапарым аясында Қазақстанға келу үлкен құрмет. Сіздің елге осымен екінші мәрте   келуім.  Өткен жылы Тбилисиден Алматыға барғанмын. Енді Астанаға жол тартпақпын. Өкінішке орай, «EXPO-2017» көрмесінің ашылуына үлгермедім. Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға мемлекеттік деңгейде де, халықаралық деңгейде де ерекше мереке болсын деп тілеймін», - деді Беридзе ШҚО ақпараттық орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Астана арқылы велошабандоз Омбыға, одан әрі Мәскеуге, Лиссабонға, сосын Тбилисиге бармақ. Жобаның миссиясы бейбітшілік мен толеранттықты насихаттау. 600 күнде ол 40 мың шақырым жүріп өтпек.

Спортшы турнені 2018 жылғы 26 мамырда Грузия тәуелсіздігінің  100 жылдығы қарсаңында Тбилисиде аяқтауды жоспарлауда. Нодар Беридзе кәсіби велосипедші емес, палуан. Бұл «Әлем жолы» жобасы аясындағы оның үшінші сапары. Жоба маршруты Еуропа мен Азияның 30 елін қамтиды. Бұл екі жылда 50 мыңнан астам шақырымды құрайды.