Автомагистраль халықаралық Шығыс — Батыс және Солтүстік — Оңтүстік көлік дәліздерінің бір бөлігіне айналады.
Жоба шеңберінде 26 көпір, 11 жолайрық және жол қозғалысы қауіпсіздігінің халықаралық талаптарына сай сыртқы жарықтандыру жүйесі салынады.
Құрылыс жұмыстары Еуропалық инвестициялық банктің несиесі және Грузия мемлекеттік бюджетінің бірлескен қаржыландыруы есебінен жүзеге асырылады. Жобалық құжаттаманы Дүниежүзілік банктің қолдауымен Нидерланд компаниясы әзірлеген.
Бұған дейін Грузияның Автомобиль жолдары департаменті алғашқы конкурс күшін жойғаннан кейін аталған жоба бойынша халықаралық тендерлерді қайта жариялаған болатын.
Сондай-ақ бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың компаниясы Грузия астанасында елдегі ең биік ғимарат болатын Trump Tower Tbilisi көпфункционалды кешенінің құрылысы жоспарланып отырғанын хабарлаған еді.