Грузия Әзербайжаннан электр энергиясын делдалсыз импорттап, шығынды қысқартпақ

АСТАНА. KAZINFORM — Грузия бұдан былай Әзербайжаннан және басқа да елдерден электр энергиясын импорттау кезінде делдал компаниялардың қызметін пайдаланбайды. Бұл туралы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform-ның өңірдегі меншікті тілшісі Business Research Group-қа сілтеме жасап.

Фото: Kazinform

Кобахидзенің айтуынша, Әзербайжаннан электр энергиясын делдалсыз тікелей импорттау өте маңызды. Оның сөзінше, мұндай шешім мемлекет шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

— Электр энергиясын Әзербайжаннан делдалсыз импорттау өте маңызды. Енді ешбір елден электр энергиясы делдал компаниялар арқылы импортталмайды. Атап айтқанда, Әзербайжан жағдайында делдалдан бас тарту мемлекетке жыл сайын бірнеше миллион лари үнемдеуге мүмкіндік береді, — деді Ираклий Кобахидзе.

Премьер-министр делдал компаниялардан бас тарту электр энергиясын импорттауға жұмсал атын мемлекеттік шығынды қысқартатынын атап өтті.

Грузияның Энергетика және сумен жабдықтауды реттеу жөніндегі ұлттық комиссиясының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Грузия Әзербайжаннан 164 млн кВт/сағ электр энергиясын импорттаған.

Салыстырмалы түрде, 2025 жылы импорт көлемі 417 млн кВт/сағ, 2024 жылы 186 млн кВт/сағ, ал 2023 жылы небәрі 3,3 млн кВт/сағ болған.

Грузияның электр энергиясы нарығының коммерциялық операторы ( ESCO) мәліметінше, Tbilisi Investment Group компаниясы көтерме сауда нарығының қатысушысы әрі электр энергиясын импорттаушы ретінде тіркелген. Грузия БАҚ-тары бұл компанияны Әзербайжаннан электр энергиясын импорттау кезінде қолдан ылған делдалдардың бірі ретінде атайды.

Басылымдардың мәліметін ше, Ресейден электр энергиясын импорттауда Lux Energy, ал Армениядан импорттауда Trading Solutions компаниясы делдал ретінде қызмет атқарады.