Мамандар апаттан кейін электр қуатымен жабдықтауды кезең-кезеңімен қалпына келтіруді бастады. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары кезінде Мцхета-Мтианети аймағында және Тбилисидің айтарлықтай бөлігінде, сондай-ақ ел астанасының Дидубе, Ваке, Мтацминда және Кртсаниси аудандарында электр қуаты ішінара қалпына келтірілді.
Электр қуаты сондай-ақ Кутаиси, Чиатура, Сачхере, Они және Амбролауридің жекелеген аудандарында қалпына келтірілді.
Кейінірек Грузияның мемлекеттік электр жүйесі бүкіл ел бойынша электр қуаты толығымен қалпына келтірілгенін хабарлады.
Компания электр жүйесіндегі ақаудың нақты себебін анықтау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.
Осыған дейін Тбилисиде түнде жауған нөсер жауын Грузия астанасының кейбір аудандарында су тасқынына ұласып, инфрақұрылым мен жол жамылғыларына айтарлықтай зақым келтіргенін жаздық.