Грузия елі Эдуард Шеварднадзені жер қойнына тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияда елдің бұрынғы президенті Эдуард Шеварднадзе жерленді. Ол өзінің жұбайының қасына, Крцанисидегі резиденциясының ауласында қойылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Айта кетейік, ұжзақ уақыт бойы сырқаттанған Шеварднадзе 86 жасында көз жұмды. Төрт күн бойы, 9-12 шілде аралығында кафедралық соборда онымен қоштасу рәсімі өтті. Бұл рәсімде Грузия президенті Георгий Маргвелашвили, премьер-министр Ираклий Гарибашвили мен экс-президенттің немересі Софико Шеварднадзе сөз сөйледі.

Грузия СІМ мәліметтері бойынша, Шеварнадземен қоштасу үшін 28 елден қонақтар келген. Сондай-ақ көптеген көңіл айту хаттары қабылданған.