Ойын 19 қарашада Астана уақытымен 23:00-де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Ойынның басталуына жарты сағат қалғанда тікелей эфирде матчтың превьюі болады.
Кездесу Тбилисиде 54 549 көрерменге арналған «Динамо-Арена - Борис Пайчадзе» стадионында өтеді. Тьягу Мартинш бастаған португалиялық төрешілер бригадасы қызмет көрсетеді. Оған Луиш Кампуш пен Рикарду Сантуш, төртінші рефери - Антониу Годинью көмектеседі.