Грузия мен Түркия халықаралық жүк тасымалына электронды рұқсат жүйесіне көшті

АСТАНА. KAZINFORM – Грузияның Құрлық көлігі агенттігі Грузия мен Түркия арасындағы халықаралық автомобиль жүк тасымалына арналған рұқсат құжаттарын электронды түрде беру және алмасу жүйесін іске қосты, деп хабарлайды Синьхуа .

Фото: Синьхуа

Ведомствоның мәліметінше, енді екі ел арасында халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылар рұқсат құжаттарын толықтай электронды форматта пайдалана алады.

Жаңа жүйе әкімшілік рәсімдерді жеңілдетіп, қағаз құжаттарды өңдеу қажеттілігін азайтады. Сондай-ақ рұқсаттарды беру мен бақылау үдерісін жеделдетіп, халықаралық жүк тасымалының тиімділігін арттырады.

Грузияның Құрлық көлігі агенттігінің директоры Бакур Микадзенің айтуынша, цифрлық жүйе екіжақты қағидат бойынша жұмыс істейді. Оның аясында Грузия мен Түркия рұқсат құжаттарын алмасу және есепке алу үшін бірыңғай электронды платформаны қолданады.

Оның сөзінше, бұл деректердің қауіпсіз әрі жедел алмасуын қамтамасыз етіп, техникалық және әкімшілік кідірістерді азайтады әрі халықаралық автомобиль жүк тасымалын басқарудың ашық әрі заманауи тетігін қалыптастырады.

Агенттік көпжақты Еуропалық көлік министрлері конференциясының рұқсаттарын электронды форматта пайдалану жүйесінің және Түркиямен цифрлық алмасу тетігінің іске қосылуын халықаралық автомобиль тасымалын дамытудағы маңызды кезең деп бағалады.

Ведомствоның пікірінше, бұл жаңашылдық көлік-логистика саласының дамуына, халықаралық сауданы жеңілдетуге және Грузияның өңірдегі негізгі транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етеді.

Айта кетелік Ақтаудан Үрімшіге және Астанадан Ыстықкөлге тікелей рейстер ашылған еді.