Бұл туралы Альянстың 28 мүше-мемлекеттері қорғаныс министрлерінің кездесуі барысында өтіп жатқан «НАТО-Грузия» Комиссиясы отырысын аша отырып, НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен айтты.
«Мен Грузияның болашақта Альянс мүшесі болуын асыға күтудемін. НАТО-ның Бухарестегі саммитінде қабылданған шешім қазірге дейін өзекті. Мүшелікке талаптарды орындаған бойда Грузия НАТО мүшесі болады», - деді А. Расмуссен.
НАТО мүше-мемлекеттерінің қорғаныс министрлері Альянстың Грузиямен маңызды реформаларды өткізуге қолдау жұмысын жалғастыруға келісті. Сонымен бірге Солтүстікатлантикалық блок Грузияға өз мақсатына жетуге қажетті барлық көмекті көрсететін болады.