13:02, 06 Мамыр 2009
Грузия өкіметі бүлікшілердің бастары үшін награда жариялады
ТБИЛИСИ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Грузияның Ішкі істер министрлігі Мухровани әскери базасындағы бүлікшілікке байланысты іздеу салынған Қорғаныс министрлігінің үш жоғары шенеуніктері үшін мәлімет бергендерге 50 мың лариден (30 мыңдай доллар) сыйақы жариялап отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Сондай-ақ бүлікті ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен офицер Коба Отанадзе іздеуде жүр. Оған қоса полковниктер Гия Криалашвили мен Леван Амиридзеге іздеу жарияланды. Министрлік аталған азаматтар туралы кез-келген мәліметтерді полицияға хабарлауды өтініп отыр. Ведомство хабар бергендердің аты-жөндері құпия сақталатынына кепілдік береді.Бұған дейін НАТО-ның ұйытқы болуымен жоспарланып отырған көпұлтты жаттығуға кедергі келтіру мақсатында Грузияның Қарулы күштерінің бірқатар бөлімшелерінде бүлік дайындалғаны туралы ақпарат таратылған болатын. Грузияның Ішкі істер министрлігі «Дельта» арнаулы жасағының бұрынғы қолбасшысы Гия Гваладзенің «бүлікшілерге 5 мыңдай ресейлік әскери қызметкер қосылып, Тбилисиді толық басып алуға атсалысатындығы» туралы әңгімесінің бейнежазбасын таратқан.