Грузия оппозициясы Тбилисидегі қозғалыстарды жауып тастауды жоспарлауда

ТБИЛИСИ. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат - Грузия Президенті Михаил Саакашвилидің отставкаға кетуін талап етіп отырған грузин оппозициясы, полицияның олар мінген автокөліктерін ұстауларына наразылық ретінде мамырдың 21-інен бастап орталық магистральдардағы қозғалысты жауып тастамақ.

ҚазАқпарат Бұл туралы РБК агенттігіне сілтеме жасап хабарлап отыр. Акция өткізу туралы шешім, полицейлер оппозиция белсенділерінің көліктерін ұстай бастағаннан кейін қабылданып отыр. «Оппозиция өкілдері тәркіленген көліктерді қайтаруды Ішкі істер министрлігінен талап етіп, олай болмаған жағдайда, мамырдың 21-інде орталық магистральдарды жауып тастауға уәде берді»,- деп хабарлады Консервативтік партияның баспасөз қызметінен. Оппозицияның мәлімдемесіне жауап берген министрлік, тәркіленген автокөліктердің әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айып тұрағына жөнелтілгенін, олардың автомобильдері көшелердегі басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіріп, апатты жағдайлар туғызғанын мәлім етті. Естеріңізге сала кетейік, Тбилисиде оппозицияның митингтері сәуірдің 9-ынан бері өтіп жатыр.