Грузия Парламенті президенттің жалақысын 4 мың долларға дейін көтерді

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Грузия парламенті жұма күні кешке ел президентінің жалақысын 4 мың 500 ларидің орнына 6 мың 900 лариге өсірді,

деп хабарладыTrend.

Енді Грузияның қазіргі президенті Георгий Маргвелашвили қолына 5 мың 400 лари (3 мың. 116 долл.) тиетін болады.

Грузия президентінің жалақысын көтеруді парламент жетекшісі Давид Саганелидзе ұсынды.

Бастапқыда президентке тоғыз мың лари төленетін. Алайда кейінірек мемлекет басшысының жалақысы Конституциялық және Жоғарғы соттардан жоғары болуы мүмкін емес деп шешілді. Парламент Жоғары судьяларға 7 мың лари көлеміндегі жалақыны көтергісі келмегендіктен, президентке сәйкес жалақы төленді.

Г.Маргвелашвили мұндай соманың президенттің өкілеттілігін жүзеге асыру үшін қажет екенін атап өтті.