Грузия парламенті үкіметтің жаңа құрамын мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Грузия парламенті үкіметтің жаңартылған құрамын мақұлдады.

Оппозициялық «Біртұтас ұлттық қозғалыс» партиясы дауыс беруге қатысқан жоқ. 86 депутат қолдап дауыс берді, деп жазады Газета.Ru.

"Новости-Грузия" агенттігі болса, 89 депутат министрлер кабинетін және оның бағдарламасын қолдады деп хабарлады.

Бұдан бұрын Грузия премьері Ираклий Гарибашвили үкіметтегі кадрлық ауыс-түйістер - алты министр мен бір мемминистрдің өз қызметттерінен кететіндігін мәлімдеген болатын.