Грузия парламентінің сайлауында сайлаушылардың 51,63 пайызы дауыс берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузия Орталық комиссиясының төрағасы Ани Микеладзе дауыс беру үдерісі тыныш өткендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Сенбі күні өткен Грузия парламентінің сайлауына қатысушылар саны сайлаушылардың 51,63 пайызын құрады. Елдің 1,8 млн халқы өз таңдауларын жасады.

Бұл туралы Тбилисиде өткен брифингте Грузияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ани Микеладзе мәлім етті.

Сағат 20-00-де барлық сайлау учаскелері заңға сәйкес жабылды. Жалып алғанда сайлау учаскелеріндегі дауыс беру үдерісі тыныш өтті»,-деді ол.