Грузия парламентінде Михаил Кавелашвили президенттік ант қабылдады

Ұлықтау рәсімі парламент мәжіліс залында өтті. Бұған дейін президенттің инаугурациялары заң шығарушы органның ауласында ғана өтетін, деп хабарлайды NGnewsgeorgia .

Фото: report.az

Салтанатты шараға сайлаушылар алқасының мүшелері – депутаттар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, Аджар Автономиялық Республикасы мен Абхазияның жоғары кеңестерінің, Грузия Үкіметінің мүшелері, конституциялық органдар мен Грузин православие шіркеуінің өкілдері қатысты. Парламент сарайына құрметті төраға, «Грузин арманының» негізін қалаушы Бидзина Иванишвили де келді.

Кавелашвили Конституцияның арнайы басылған көшірмесі бойынша ант берді.

«Жылдар, ондаған, тіпті жүздеген жылдар өтеді, және бұл барлық президенттер ант беретін түпнұсқа болады», - деп мәлімдеді парламент спикері Шалва Папуашвили.

Салтанатты шарада ұлттық әнұранды Қасиетті Троица соборының хоры мен «Мартве» ансамблі орындады.

Естеріңізге сала кетейік, 14 желтоқсанда Грузияда президент сайлауы өтті.

Грузияның Орталық сайлау комиссиясы дауыстарды санау қорытындысы бойынша Грузияның алтыншы президенті болып биліктегі «Грузин арманы – Демократиялық Грузия» партиясының кандидаты, парламенттің бұрынғы депутаты Михаил Кавелашвили сайланғанын хабарлады.