«Мен қазіргі қызметімнен кету туралы шешім қабылдадым. Бұл қадам еліміздің саяси кеңістігіндегі поляризацияны төмендететініне сенемін және солай болғанын қалаймын. Себебі поляризация мен арамыздағы қарама-қайшылық еліміздің болашағы, экономикалық дамуы үшін және кез келген дағдарысты шешу кезінде қауіпті болатынына сенімдімін», деп мәлімдеді Гахария үкімет әкімшілігіндегі брифинг кезінде.
14:04, 18 Ақпан 2021
Грузия премьер-министрі Георгий Гахария отставкаға кетті
ТБИЛИСИ. Грузия жаңалықтары – ҚазАқпарат - Георгий Гахария Грузия премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Грузия жаңалықтарына сілтеме жасап.