«Осы апта елімізге шетелдік делегациялардың жоғары деңгейде түрлі сапарларға толы болады деп күтілуде. Атап айтқанда, 15-16 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадзе ресми сапармен болады. Ал 14-16 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына Қытай Мемлекеттік кеңесінің Вице-Премьері Хань Чжэн жұмыс сапарымен келеді», - деді ресми өкіл.
Оның сөзіне қарағанда, мәртебелі меймандар сапарлары аясында мемлекет басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулері өтеді деп күтілуде. Оған қоса, Грузия Премьер-Министрі және Қытай Мемлекеттік кеңесі Вице-Премьерінің Нұр-Сұлтан қаласына сапарларының бағдарламасында 12-ші Астана экономикалық форумының ресми ашылуына қатысуы көзделіп отыр.