Мұндай мәлімдемені қала басшысы Кишиневтің әкімшілік отырысында жасады.
Жиын барысында елдегі жемқорлық мәселесі талқылануы керек болатын. Қала басшысы тақырыпқа орай өз ұсынысын былай деп жеткізді: «Маған бір ой келді. Жуырда Саакашвилидің Грузиядағы екінші кезеңдегі президенттік мерзімі аяқталады. Үшінші мерзімге сайлана алмайды. Ендеше, Молдоваға келіп, біздің елімізде екі мерзім президенттік қызметті атқарсын. Еліміздегі жемқорлық мәселесі жойылып кететініне сенімдімін».
Дегенмен Молдова конституциясы бойынша аталған елдің президенті болуға үміткер Молдовада кем дегенде он жыл өмір сүруі керек және мемлекеттік тілді білуі керек.
Алаш айнасы